Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тілдің болашағы – дұрыс әліпбиде

29.3.2018 579

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 19-жұлдызында Елбасы Н.Назарбаевтың қол қойған әліпби нұсқасы алдыңғы екі нұс­қадан әлдеқайда жақсы. Бірақ бұл нұсқаға дареформа қажет деп ойлаймын, себебімұнда пернетақта,қала атаулары, веб-сайт атаулары, электрондық пош­та және т.б. мәселелер өз шешуін дұрыс таба алмайды. Ал нұсқаның ең басты кемшілігі – егер біз әлемдік АҚШ клавиату­расына бейімделмесек, латын әліпбиінің жағдайы қиындай түседі.

Себебі, латын әліпбиіне көшкенде қазақлатын әліппесі қосымша тіл бо­лып қосылады. Ағылшын тіліжүйенің тілі, оны біз алып тастай алмаймыз.Орыс тіліэкомикамызғасіңіп кетті, ол да жанымызда болуы тиіс.Төртінші тілді айтпағанда,үш тілде бір уақытта компьютермен жұмыс істеуыңғайсыз. Бір жағынан Елбасы көтеріп отырған Цифрлы Қазақстан бағдарламасы қазақ тілі үшін шетте қалады.

Бұл жөнінде бірқатар ұсыныстарым бар:

АҚШ-тың халықаралық перне­тақтасында бізге G, N, g, n таңбаларын басу қиындық туғызады. Ал бұны шешуге ұсынған жолдары өте мардым­сыз.

Интернет желісінде Ғ, И, Ң мазмұнын білдіретін толық атауларды жаза алмаймыз. Мәселен, ғаламторда веб-сайт атауларын, электрондық пошта, т.б. жазу мүмкін емес.

Біз У, Ұ, Ү әріптерін пайдала­натын жерлерде жиі шатасамыз: жұм­бақ, жұрнақ, жұмыс, сол тұста, түс, тыс, т.б. Сондықтан «Ү» әрпіне қол тигіз­беген жөн, оныY деп белгілесек, сол үйренгенқалпындажеңіл қабыл­даймыз әрі ол сөзге сән мен мән береді. Мысалы: Үй-Yі,Үкімет Үйі – Ykіmet Yіі.

Ә, Ө,Ү,Ұәріптерінлатын әліппе­сіменA,O,Y,U деп таңбаласақ, бұләріптер26латын әріпінен тыс болған­дықтан,оқырманға қазақ дыбыстары екендігін көрсетеді. Сол себептен бұл әріптерге ережелер қолдануға болады.

Йй-Yy, Іісөздің сoңында, орта­сындаАйтуар-Aytuar, егер й әрпі Ә,Ө,Ү,Ұ-дан кейін тұрса, ондаіжазамызҮй-Yі, күйініп-kyііnіp,арай-aray, Бурабай – Burabay, Айыртау—Ayyrtau.

Мысалы:Аида – Aіda,Саида – Saіda.Бала қойлардыайдап барады – Bala qoylardy aydap barady.Жылқылар сайда жүр – Jylqylar sayda jyr.

Ұ әріптің орнына U жазу қолай­сыз, себебі біз бүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтаймыз.Оғанқоса орыс тілі интернет саласында төртінші тіл болып саналатынын есте сақтаған жөн.Мысалы, жиі қолда­нылатын университет сөзі-ақ орыс тілінде де, ағылшын тілінде де қазақ тіліне керісінше әсерін тигізеді.

У әріптің орнына Y жазу қолай­сыз, себебі бізбүкіләлемдік дайын деректер банкісінен алшақтаймыз. Ал деректер банкісі дегеніміз – әлемге әйгілі «енглиш» тілімен және осы тілге бейімделіп жасалған кез-келген күнде­лікті бағдарламалармен байланысты.Бүгінде кез-келген қала аты, өзен аты, тіпті кез-келген нәрсенің атауы ғалам­торда 26латын әріппен ғана беріледі, сол себебтен У әрпін біз акутсіз жаза­мыз. Сонда кез-келген сөз ғаламторда қысқа (й) не болмаса (ы) болып оқыла­ды, себебі ғаламтор қолданушылары броузердегі сөзді «енглишше» қабыл­дайды.Мысалы, Көкшетау, Ақтау, Аты­рау, Шу, АқсуИнтернетте Көкшетай, Ақтай, Атырай, Шы, Ақсы болып оқылады. Себебі, біз ғаламторда соңғы нұсқамен былай жазамыз: kokshetay.kz , aqtay.kz , atyray.kz,shy.kz,aqsy.kz. Ал ең қызығыбүгінгі күні бұлар интернетте kokshetau.kz,aqtau.kz,atyrau.kz,shu.kz,aqsu.kzдеген атаумен жұмыс істеп жатыр. Енді оған миллиардтаған электрондық пошталарды қосайық. Біз оған үйреніп қалдық. Еліміздегі ғаламторда, әсіресе қазақ тіліндегіконтент ақсап тұрғанда, оған өзіміз қиындық туғызсақ ертеңгі күніміз не болмақ?

И, Й әріптерінің орнына І, Іжазу қолайсыздық туғызады. Себебі, бізбүкіләлемдік дайын деректер бан­кісінен алшақтап, латын әліпбиі әлемін­де адасып қаламыз. Себебі, мұнда даорыс тілі ғаламторда төртінші тіл болып саналатынын ескерген жөн.

Жуырда мен Қазақ-Британтехни­калық университетінің студенттерімен кездесу өткіздім. Сол жиында латын әліпбиінің соңғы нұсқасын талқыладық. Дұрыс тұстары мен ұтымсыз жақтарын сөз еттік. Жастар өз ойларын ортаға салып, пікір алмастық. Сұрақтар да көп қойылды.

Менің ойымша, бұл – жастардың жолы, бұл – жастардың ісі, бұл – жас­тардың келешегі. Сондықтан әліпбидің соңғы нұсқасын жетілдіруде жастармен, тіл мамандарымен санасып, олардың ойын ескерген жөн деп білемін. Өйткені, тілдің қандай болуы оның әліпбиіне тікелей байланысты.

Тегтер: латын әліпбиі, латын алфавиті, таңба, қазақ тілі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

169 0

ақпарат

Қазақ тілін тегін үйретеді

110 0

ақпарат

Ғылыми жоба. Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі перзенттік сүйіспеншілік

88 0

ақпарат

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін әдіс - тәсілдер