Өткен жылы мемлекеттік тіл курстарынан 58 мыңнан астам адам өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

27 наурыз, 2018

Жыл сайынғы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі — 83,1% құраған. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі — 22,3% құрады.

Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, «Үш тілді меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру» жобасын іске асыру мақсатында 2017 жылы орталық атқарушы органдардан мемлекеттік тілді оқыту курсына 610 адам қатысқан.

Сонымен қатар, Қазақстанда 89 өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істейді. 2017 жылы тіл оқыту орталықтарында 58 348 адам мемлекеттік тіл оқыту курстарынан өтті.

Бұдан өзге, өткен жылы 17 балалар әдебиеті, 14 сөздік, 14 ғылыми-танымдық әдебиет, 16 оқу-әдістемелік құрал шығарылып, республика бойынша таратылды.

Интернет көздеріндегі балалар контентін ұлғайту мен мемлекеттік тілдің жастар арасында қолданылуын арттыру мақсатында «Қазақстан» телеарнасында «Енші» зияткерлік бағдарламасы шығарылды.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы мемлекеттік тілдегі құжат айналымның үлесі 92% құрағанын айтты. Оның ішінде орталық атқарушы органдарда — 89%, жергілікті атқарушы органдарда — 93,3%. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұсынған мәліметіне сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 72%-ті құрап отыр.

«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында құрылған «Tilalemi.kz» порталы, ономастикалық атаулардың тарихы, этимологиясы, жасалу ерекшеліктері туралы танымдық сипаттағы «Atau.kz» ономастикалық электрондық базасы, графика мен орфографияға қатысты мәліметтер мен сөздіктерден тұратын «Emle.kz» орфографиялық электронды базасы, сондай-ақ салалық терминологиялық сөздіктер, терминология бойынша мақалалар мен еңбектер орналасқан «Тermincom.kz» электронды базасының жұмыстары одан әрі жетілдірілді», — деді А. Мұхамедиұлы.

2017 жылы «Тіл медиа» үш тілді сайты құрылды. Сайт қазақ, орыс, ағылшын тілдерін насихаттап, оның әдістемесін, қолданылу аясын кеңейтуге жан-жақты ықпал етеді. Сондай-ақ балаларға арналған «Бала тілі» сайты әзірленіп, іске қосылды. Алғаш рет, барлық салада қолданылатын құжаттардың қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Құжат» сайты іске қосылды.

ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы 3 мың терминді бекітті және қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының жалпы саны шамамен 21 мыңды құрайды.

Мәселені қарау барысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сөз сөйледі. Оның айтуынша, Қазақстанда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында барлығы тоғыз мақсатты индикатор қарастырылған, олардың 2017 жылдағы аралық мәндері барлық параметрлер бойынша орындалған.

«Жалпы, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелері 2017 жылдың есепті кезеңінде оң үрдістерді көрсетеді»,— деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Мәселені қарауды қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тілдерді дамыту және оларды қолдану жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың жақсы көрсеткіштерін атап өтті.

«Есепті кезеңде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мониторингі оң үрдістерді көрсетеді. Нақты нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелердің шешімін табу қажет», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Біріншіден, Премьер-Министр халыққа қазақ тілінің тегін курстарын ұсыну жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Басқа тілдерге, оның ішінде интернетте арнайы ақпараттық ресурстар арқылы оқыту курстарының қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аудару тапсырылды. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың жұмысы.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік бюджеттен тілдерді қолдау және оқыту үшін арнайы әдебиеттерді құруға елеулі қаржы ресурстары бөлінетінін еске салды. Осыған байланысты халық арасында сұранысқа ие болатын заманауи оқу құралдарын және балалар кітаптарын шығару қажеттілігіне назар аударылады.

Екіншіден, қазақ тілін латын графигіне көшіруді жүзеге асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жандандыру қажет. Әліпбиді біртіндеп аударуды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-қимыл жоспары бекітілді. Соған орай барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Жоспардың іс-шараларын уақытында орындауды қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді.

Үйлестіру жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.

Барлық құқығы қорғалған.

primeminister.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде primeminister.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

primeminister.kz материалдарын пайдалану кезінде:

– басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.primeminister.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

– Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.primeminister.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.


Баға беріңіз