Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізу қағидалары

26.3.2018 790

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің

2018 жылғы «5» ақпандағы

№ 8 бұйрығымен бекітілген

«Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізу қағидалары

Жалпы ережелер

Осы «Тілдарын» республикалық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған.

Олимпиаданы өткізу мақсаттары:

1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау;

2) қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.

Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

1) Бірінші іріктеу кезеңі – облыстарда және Астана, Алматы қалаларында

2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өткізіледі;

2) Екінші кезең – республикалық олимпиада, 2018 жылғы қазан-қараша айларында Петропавл қаласында өткізіледі.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатыса алады.

Бірінші іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын қағидасын облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары осы Қағиданы негізге алып әзірлейді және бекітеді.

Олимпиаданы өткізудің тәртібі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) Олимпиаданың ұйымдастырушысы болып табылады.

Олимпиаданы өткізу туралы хабарландыру 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Олимпиадаға қатысу үшін жазбаша өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен Комитетке төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

1) өтінім (осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша);

2) жеке куәліктің көшірмесі.

Олимпиада мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) тапсырылған тақырыптың мазмұнын толық ашу;

2) тапсырылған тақырып бойынша эссе жазу;

3) мәтінге ілеспе аударма жасау.

Олимпиада шарттары:

1) Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтулері керек: бірінші кезең – қазақ тілін білуі; екінші кезең – ағылшын тілін білуі; үшінші кезең – орыс тілін білуі.

2) алдыңғы кезеңнен өткен қатысушылар келесі кезеңге қатыса алады.

3) Олимпиаданың қорытындысы үш кезеңнен өткен қатысушылар арасында жүргізіледі.

Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Қорытынды ережелер

Олимпиада қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау мақсатында қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет бекітеді. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Дауыс беру нәтижелері тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының даусына басымдық беріледі.

Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс айтылуы;

3) жауаптың оралымдылығы мен толықтығы;

4) жауаптың ерекшелігі мен мазмұндылығы;

5) өзін-өзі ұстауы және уақытын дұрыс пайдалануы.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушымен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында Олимпиада аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-99-11, 74-08-77, 40-83-97

_____________________________

«Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізу қағидаларына қосымша

«Тілдарын» республикалық олимпиадасына қатысу үшін өтінім

Т.А.Ә._____________________________________________________________

Жасы_____________________________________________________________

Атауы (облыс/қала) _________________________________________________

Оқу/жұмыс орны____________________________________________________

Білімі_____________________________________________________________

Мекенжайы________________________________________________________

Байланыс телефоны_________________________________________________

Қосымша ақпарат___________________________________________________

Фото______________________________________________________________

Қолы

Күні

Өзгерту: 20.03.2018


Тегтер: Тілдарын, олимпиада, байқау, ереже

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

860 0

ақпарат

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурсын өткізу қағидалары

1401 0

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары

863 0

ақпарат

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсының қағидалары