Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурсын өткізу қағидалары

26.3.2018 509

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің

2018 жылғы «5» ақпандағы

№ 8 бұйрығымен бекітілген

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы

республикалық конкурсын өткізу қағидалары

Жалпы ережелер

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) Мемлекеттік қызметші күніне орайластырылып өткізіледі.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) үштілділікті насихаттау.

Конкурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конкурсқа орталық мемлекеттік органдардың 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.

Алдыңғы конкурстардың бас жүлде және І орын жеңімпаздары қатыстырылмайды.

Конкурсты өткізудің тәртібі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жылдың бірінші тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін 2018 жылдың 01 маусымына дейін орталық мемлекеттік органдарымен Комитетке төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

осы конкурсты өткізу қағидасының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

жеке куәліктің көшірмесі.

8-тармақта көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу (қазақтың ұлттық киімінде үш минуттан көп емес өнер көрсету);

2) «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру (классикалық стильде бес минуттан көп емес өнер көрсету);

3) «Өнертаным» – үш түрлі жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту (классикалық стильде өнер көрсету).

Алдыңғы кезеңнен сәтті өткен қатысушылар келесі кезеңге қатысады.

Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Қорытынды ережелер

Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет бекітеді. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Дауыс беру нәтижелері тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының даусына басымдық беріледі.

Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуы;

3) сахналық шеберлігі;

4) уақытты орынды пайдалануы.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушымен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында конкурс аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті,

«Тіл шебері - 2018» деген белгімен.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 74-08-77, 40-83-97, 40-83-93.

«Тіл шебері - 2018»жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы

республикалық конкурсын өткізу қағидаларына

қосымша

«Тіл шебері - 2018»

жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы

республикалық конкурсына қатысуға арналған

өтінім

  1. Т.А.Ә._____________________________________________________________
  1. Жасы_____________________________________________________________
  1. Жұмыс орны ______________________________________________________
  1. Лауазымы_________________________________________________________
  1. Мекенжайы________________________________________________________
  1. Байланыс телефондары______________________________________________
  1. Фото _____________________________________________________________
  1. Қосымша ақпарат __________________________________________________

Қолы

Күні

Өзгерту: 26.03.2018


Тегтер: Тіл шебері, үштілділік, қазақ, орыс, ағылшын

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

417 0

ақпарат

«Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізу қағидалары

1026 0

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары

563 0

ақпарат

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсының қағидалары