Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсының қағидалары

26.3.2018 698

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің

2018 жылғы « 5 » ақпандағы

№ 8 бұйрығымен бекітілген

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің

республикалық конкурсының қағидалары

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің

2018 жылғы « 5 » ақпандағы

№ 8 бұйрығымен бекітілген

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің

республикалық конкурсының қағидалары

Жалпы ережелер

Осы Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсының (бұдан әрі – конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған іс-шараны өткізу мақсатында әзірленді.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;

4) талантты жастарды табу.

Конкурс мемлекеттік тілде өткізілді.

Конкурс екі кезеңнен тұрады.

1) Бірінші кезең – облыстарда және Астана, Алматы қалаларында

2018 жылдың 10 шілдесіне дейін өткізіледі.

2) Екінші кезең – республикалық конкурс, Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылғы тамыз айында өткізіледі.

Конкурсқа 17-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсты өткізудің бірінші кезеңінің Қағидасын облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және бекітеді.

Конкурсты өткізудің тәртібі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында бір ай бұрын жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың өтінімдерін 2018 жылғы 23 шілдеге дейін конкурстың екінші кезеңіне қатыстыру үшін Комитетке ұсынады.

Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу.

2) Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу;

Конкурс шарттары:

1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

2) мәтіндерді жатқа оқу;

3) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.

Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Қорытынды ережелер

Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет бекітеді. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдері, педагогика, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;

2) дұрыс дыбыстауы;

3) көркем мәтінді таңдау талғамы;

4) сахналық образ және оқу шеберлігі.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

__________________________

Абай атындағы көркемсөз оқу

шеберлерінің республикалық конкурсының қағидаларына қосымша

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің

республикалық конкурсқа қатысу үшін

өтінім

  1. Т.А.Ә._____________________________________________________________
  1. Жасы_____________________________________________________________
  1. Жынысы___________________________________________________________
  1. Жұмысы___________________________________________________________
  1. Білімі_____________________________________________________________
  1. Мекенжайы________________________________________________________
  1. Байланыс телефондары______________________________________________
  1. Шығармалар атауы _________________________________________________
  1. Қосымша ақпарат___________________________________________________
  1. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)____________________________

Қолы

Күні

Өзгерту: 26.03.2018


Тегтер: Абай атындағы көркемсөз оқу байқауы,байқау, ереже

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

585 0

ақпарат

«Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізу қағидалары

683 0

ақпарат

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурсын өткізу қағидалары

1192 0

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары