Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқытушылар арасындағы А. Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурсты өткізу қағидалары

26.3.2018 314

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің

2018 жылғы «5» ақпандағы

№ 8 бұйрығымен бекітілген

Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы

атындағы республикалық конкурсты өткізу қағидалары

Жалпы ережелер

Оқытушылар арасындағы А. Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылып өткізіледі.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау;

2) оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру;

3) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру;

4) озық тәжірибелерді тарату.

Конкурсқа қатысушылар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен анықталады.

Конкурсқа 23-45 жас аралығындағы оқытушылар қатыса алады.

Конкурсты өткізудің тәртібі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

Конкурс жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өз жұмыстарын таныстыру мақсатында www.tilalemi.kz сайтынан парақша ашып, электрондық портфолиоға барлық оқу және әдістемелік материалдарын, мемлекеттік тілді оқыту үдерісіндегі табыстары мен инновациялық ізденістерін, тәжірибесін, мақалаларын, марапаттарын және т.б. орналастырады. Белгіленген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қаралмайды.

Қазақ тілі сабағының үлгісін «Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешенінің» В1, В2, С1 деңгейлері негізінде Комитет ұсынған тақырыптар бойынша әзірлеуі керек. Аталған деңгейлер бойынша тақырыптар қосымша хабарланады.

Конкурстың өткізілу тәртібі:

Бірінші кезең – конкурстың қазылар алқасын қатысушылардың электрондық портфолиосымен таныстыру, талдау, бағалау, қорытындылау (ұзақтығы 5 минут);

Екінші кезең – педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар (ұзақтығы 3 минут);

Үшінші кезең – сабақ үлгісінің тақырыбын таңдау, 8-10 тыңдаушыдан құралған аудиторияда сабақ үлгісін көрсету (ұзақтығы 20-25 минут).

Кезеңдер бойынша қойылатын талаптар:

1) Электрондық портфолио мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

- электрондық портфолиодағы материалдардың конкурс шарттарына сәйкестілігі;

- орналастырылған материалдардың ғылыми және әдістемелік құндылығы (ғылыми-практикалық тұрғыдан, өзектілігі тұрғысынан, қазақ тілін үйретудің жаңа нәтижелі әдістерін қолдануы тұрғысынан);

- электрондық портфолиодағы материалдардың шынайылығы, деректік және теориялық қателіктердің болмауы;

- электрондық портфолио моделінің өзіндік ерекше құрылымы болуы;

- мәліметтер мен ақпараттардың айқын, анық және логикалық жағынан дұрыс құрылымда орналастырылуы; таңдалып алынған ақпараттық-коммуникациялық технологияның мақсатқа сай және тиімді болуы (барлық танысушыларға түсінікті және қолайлы интерфейс, навигациялардың қолайлы болуы, эргономикалық тұрғыдан икемділігі, сілтемелердің қолжетімді болуы);

- электрондық портфолиодағы барлық ақпараттың мәдени (эстетикалық) көрінісі.

Бағалау: 5-10 ұпай аралығында.

2) Қазақ тілі сабағының үлгісі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

- тақырыпты лексикалық, грамматикалық тұрғыдан терең меңгерген болуы;

- сабақтың тақырыбын ашудың, меңгертудің өзіндік ерекше тұстары болуы;

- сабақтың қазақ тілі арқылы қазақ халқының дүниетанымы мен болмысын танытуға бағытталу деңгейі;

- оқытушының тақырыпты меңгертуде түрлі ақпарат көздерін қолдануды тіл үйренушілерге көрсетіп, игерте алу шеберлігі;

- тіл үйренушілермен өзара ынтымақтастықта болуы, тақырыпты меңгеру барысында үлкен мотивациясы мен ерекше ынтасының байқалуы;

- оқытушы қолданған оқу-әдістемелік ресурстардың (аудио, бейне, мультимедиалық, көрнекілік т.б.) орынды болуы;

- оқытушы қолданған технологиялардың (әдістер мен амал-тәсілдердің, сабақ түрінің т.б.) тиімділігі мен ерекшелігінің болуы;

- сабақтың танымдық, тәрбиелік әлеуеті;

- оқытушының өзіндік шығармашылық бейнесінің көрінуі, коммуникативтік мәдениеті, импровизациясы;

- әрбір тіл үйренушінің қазақша оқуына, сөйлеуіне, жазуына оқытушының дұрыс баға бере алу шеберлігі;

- оқытушының өз сабағына өзіндік талдау жасай алу шеберлігін бағалау (қолданған педагогикалық құралдарын және осы сабақты ұйымдастырып өткізу тәсілдерін дәйектеу).

Бағалау: 5-10 ұпай аралығында.

Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау мақсатында қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет бекітеді. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Дауыс беру нәтижелері тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының даусына басымдық беріледі. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушымен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында конкурс аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде орналастырылады.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-10, 74-08-77, 40-83-67

Тегтер: байқау, А.Байтұрсынұлы, республикалық конкурс, ереже

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

417 0

ақпарат

«Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізу қағидалары

509 0

ақпарат

«Тіл шебері - 2018» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық конкурсын өткізу қағидалары

1026 0

ақпарат

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын өткізу қағидалары