Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТІЛ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ: МӘСКЕУ МЕН АСТАНА АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

13.3.2018 486
Бүгінде көп тілді білу және оны қолдану – қоғамның сұранысына сай қарқынды дамуда. Әсіресе, жастардың арасында екі немесе одан да көп тілді білетін және еркін сөйлей алатын полиглоттар жылдан-жылға көбейіп келеді.

Мұндай полиглоттарды дайындауда ерекше үлес қосып, тіл үйретудің тың және тиімді әдіс-тәсілдерін ойлап тауып, көпке насихаттаушы, педагог, полиглот, синхронды аудармашы Дмитрий Петровтың еңбегі зор.

Д. Петровтың әлемге тарап, халықты баураған жаңа технологиясын ана тілімізде сөйлетер күн де алыс емес. Осы мәселенің негізінде жуырда Мәскеу қаласына Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов пен оқу-әдістемелік бөлімнің басшысы Дарменова Марияш іссапармен барған болатын. Іссапардың мақсаты - әдістеме саласындағы оңтайлы әдістерді қалыптастыру, тәжірибе алмасу және Орталық пен Инновациялық-коммуникативтік Лингвистика орталығы арасында ынтымақтастық орнату.

Инновациялық-коммуникативтік Лингвистика орталығы 2012 жылдан бастап үздік тіл мамандарының бірі, синхронды аудармашы, шетел тілдерін тез әрі тиімді меңгерудің авторлық психолингвистикалық әдістемесін құрастырушы Ресейдегі ең танымал бағдарламалардың бірі – «Полиглот» бағдарламасының жүргізушісі Дмитрий Петровтың басшылығымен құрылған. Бұл орталықта Дмитрий Петровтың әдістемесіне негізделген ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы шет тілін оқыту курстары (ағылшын, француз, неміс, испан, итальян, т.б.) ұйымдастырылады.

Дмитрий Петровпен кездесу барысында қазіргі әдістеме саласындағы өзекті мәселелер мен екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Полиглоттың әлемге белгілі «16 сабақ» жобасына негізделіп әзірленген кітабы қазақ тіліне аударылады және оның әдістемесіне негізделген «Қазақ тілі: 16 сабақ» атты оқу-құралы жарыққа шығады деп күтілуде.

Тегтер: Тілешов, Петров, Мәскеу, 16 сабақ, Астана, полиглот
Авторы: Tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

54 0

ақпарат

Миллион кімге бұйырады?

31 0

ақпарат

Әдіскерлерге арналған республикалық онлайн семинар өтеді

66 0

ақпарат

​Тіл төрге озғалы қашан - Сүлеймен Мәмет