Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Аудармашыларға арналған біліктілік арттыру курсы өтеді

6.3.2018 523
​ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы түрлі саладағы аудармашы мамандарға арналған 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курстың тақырыбы: Аударма ісі және құжаттар тілін біріздендіру

Курста аударма ісі бойынша мынадай мәселелер талқыланады:

* қазіргі таңдағы салалық аудармаларды сауатты аудару;

* салалық аудармада терминдердің бірізділігін сақтау;

* аударма жасаудың тиімді жолдары;

* аударманың баламалығы;

* салалық аудармада терминдердің бірізділігін сақтау мәселесі;

* ісқағаздарды жүргізуде тілдік норманы сақтауды қалыптастыру, құжаттар дайындауда нормативтік талаптарға сай дұрыс жазу ережесін сақтауға дағдыландыру.

Курсқа қатысып аударма саласы бойынша, іс жүргізудегі біліктілігіңізді арттырыңыз! Курстың ұйымдастырылуына (өткізілу форматына, лекторға) байланысты талап-тілектеріңіз болса, tilortalyk@mail.ru электрондық мекенжайына хат жолдауыңызға болады.

Курсты тәжірибелі сала мамандары, ғалымдар жүргізеді.

Курс ақылы.

Өткізілетін уақыты: 28-30 наурыз

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

Толық ақпарат алу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар: 8 (7172) 40-83-67, 8 747 501 31 91,8 707 518 10 18

Тегтер: аударма, курс, Аудармашы, біліктілік арттыру
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

54 0

ақпарат

Миллион кімге бұйырады?

31 0

ақпарат

Әдіскерлерге арналған республикалық онлайн семинар өтеді

66 0

ақпарат

​Тіл төрге озғалы қашан - Сүлеймен Мәмет