Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Көркем сөзге жүйрік аз

5.3.2018 516
Университет қабырғасында аударма ісі мамандығымен білім алып жатқан студенттер қалыпты жүйе болмағаннан кейін, жалпы проза, поэзия, драма жанрларын аудару сабақтары мен синхронды, техникалық аударма пәндерін де оқиды.

Көркем аударма сабағында негізінен дәрістерден гөрі, студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне көңіл бөлеміз. Алғашында шағын мәтіндермен жұмыс істейді. Көркем аударма қиын. Оған аударма сатыларына төселіп барып, келеді. Кейде өз қалауымызбен, кейде өз­дері шағын әңгімелердің аудармасын жасап әкеледі. Марк Твеннің, Генридің шағын әңгімелері аудармаға алғашқы қадам жасауға өте ыңғайлы. Нәтижесі жаман емес, жалғыз тәржімалап қоймай, аударманы талдаумен айналысады. Соңғы кезеңде қазақ елінде ауды­­рылған шығармаларды салыстырып, тал­қылап жүрміз. Аударма қалай жасалды, ар­тық­шылығы, кемшілігі неде деген сұрақ­тарға ізденушілер жауап табуға тырысады. Бұның өзі аудармашының көзқарасын, сөзге қарым-қатынасын қалыптастыратын процесс.

Студенттердің аударған әңгімелері «Жұлдыз» жур­налында, «Қазақ әдебиетін» газетінде жарық көрді. Гүлшат Түсіпова деген түлегіміз Оскар Уайлд пен Эдгар Поның әңгімелерін аударған, «Аудар­ма» баспасынан кітап болып шықты. Өзіміз «Бәйшешек» деген студенттердің аударма кітабын шығардық. Оған ең жақсы деген аудармаларды енгіздік. Бұл – студенттерді ынталандыру. Студенттердің бәрі бірдей көркем аудар­маға бейім бола бермейді. Өздері ірік­теліп шығады. Аударма жасағанда үш тілді пайдаланамыз. Салыстырамыз. Қазір шығар­малар­ды ағылшын тіліне аудару керек. Орыс­шаға аудармай, бірден ағылшын тіліне. Өйткені уақыт талабы солай. Аударманы редакциялау деген сабақ бар. Қазір көп кітаптар кемшілікпен шығып жатыр. Редакторы жоқ. Біздің баспаларда қалай екенін білмеймін, бірақ шетелдерде аударма редакторы деген қалыптасқан мамандық бар. Алдымен кітапты шығармай тұрып, аударманың сапалы, сапасыз екенін анықтайды. Біз шетелдің бір жа­зушысын аударсақ, аудардық деп үлкен мақ­танышпен айтамыз. Бірақ тәжірбиелі мамандар сынаса, талқаны шығады. Өйткені аударма сы­ны, аудар­ма талқысы жоқ. Қазір студентерді оқыт­­қанда осы талдауға, сынға көңіл бөліп отырмыз.

Бұрын оқу құралы аз болатын, қазір кө­бейіп келеді. Алғашында бар-жоғы екі-үш-ақ кітап бар еді. Қазір аударма теориясынан он шақты оқулық бар. Әлем әдебиеті және көр­кем аударма, аударма практикасы, әртүрлі аудар­­маның түрлеріне байланысты кітаптар жет­­кілікті. Жаң­ғара Дәдебаев, Темірғали Есем­­бек сияқты ғалым­дарымыздың еңбектері бар. Бірақ әлі де көп оқулықтар жазыла беру керек.

Тегтер: аударма, көркемсөз, мәтін, аударма ісі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз