Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Сенат депутаты барлық балабақшаны қазақша қылуды талап етті

2.3.2018 679
Сенатор балабақшаларда бөбектерді қазақша тәрбиелеуді талап етті Сенаторлар елімізде бірінің жазуын екіншісі түсінбейтін ұрпақ қалыптаса ма деп қауіптеніп отыр. Сондықтан Мұрат Бақтиярұлы барлық балабақшаны тек қазақ тілінде және латын графикасына негізделген әліпбимен оқыту жүйесіне көшіруді ұсынды.

Бақтиярұлы бұл істі бір күнге де кейінге қалдырмай, қазірден кірісу қажет деп отыр. Ұлтына қарамастан кез-келген ұл мен қыз балабақшада латын графикасына негізделген әліпбиден әріп тануы тиіс. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі қажет. Сонда қазақ тілі бүлдіршіннің санасына мықтап сіңеді.

Сенатор осыған байланысты барлық диаспораға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Ал ата-аналардың еркіне салсақ, болашақта латын графикасына негізделген әліпбиді меңгерген және кириллицамен әріп таныған, бірін-бірі түсінбейтін ұрпақ қалыптасуы мүмкін дейді депутат.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

– Қазір қоғамды тағы бір мәселе алаңдатып отыр. Ол – латын әліпбиі тек қазақ тілді мектептерде ғана қолданылатын болсақ, күні ертең әр ата-ана балаларын өздері білетін тілдегі кириллица графикасымен орыс тіліндегі жұмыс істеп тұрған мектептерге берерлері қазірден де белгілі болуда. Түптің түбінде бұл келіп, қоғамға біреулері латын әліпбиін меңгерген, ал екінші тобы латын қаріпін білмйетін, тек кириллицамен ғана жұмыс істейтін топқа бөліп жібере ме деген мәселе алаңдатады. Бұл тұтас бір қазақ ұлтының тағы да тілдік негізде бөлшектеніп кетуіне әкеп соғатындай.


Тегтер: Мұрат Бақтиярұлы, балабақша, латын, қазақ тілі
Авторы: qazaquni.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

101 0

ақпарат

​Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұлы құндылығы

114 0

ақпарат

«Үздік қызметкер» байқауы өтті

108 0

ақпарат

​«Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» семинар-кеңесі өтеді