Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілі оқу құралында МС Сайлаубек қайдан жүр?

20.2.2018 1371
Киікбай Жақыпұлы есімді Facebook қолданушысы Назарбаев мектебіне түсу үшін тапсыратын сынақ кітапшасында МС Сайлаубек туралы сұрақ жүргеніне наразылық білдірді. Ол танымал рэпердің есімі енгізілген кітапшаны видеоға түсіріп, «Айтарым жоқ... не болып кетті!», – деп жазды. Бұл жарияланымды жүздеген адам бөлісіп, қызу талқыға салды.

Сайлаубектің есімі тест кітапшасына не мақсатпен енгізілгені белгісіз. Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген оқу құралында МС Сайлаубектің «Айтуға оңай», «Пусть говорят» телебағдарламалары арқылы танылғаны айтылады. Бұған қоса, оның жасы, қай жердің тумасы екені егжей-тегжейлі жазылыпты.

Ал соңында «МС Сайлаубекті жұлдыз болуына не әсер етті?» деген сұрақ қойылады.


Мұны көрген көпшілік сурет фотошоп деп сенімсіздік танытса, бірқатары кітапқа енген осындай мысалдардан соң елдің болашағына күмән келтірген.

Тегтер: Назарбаев мектебі, МС Сайлаубек, қазақ тілі, Айтуға оңай

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

181 0

ақпарат

Қос тілді фильмдерге тоқтау бола ма?

831 0

ақпарат

"Әйел" деген сөз де - кеңес кезінен қалған саясаттың зардабы!

648 0

ақпарат

"Шонжы" атауын "Әлмерек" деп өзгертуге болмайды