Қазақстанда латынша жазылған жеке куәліктер 2021 жылдан бастап беріледі

​Қазақстанда латынша жазылған жеке куәліктер 2021 жылдан бастап берілетін болады. Бұл туралы 13 ақпанда ҚР үкіметі отырысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

13 ақпан, 2018

Вице-министрдің айтуынша, латын әліпбиіне көшудің алғашқы сатысы 2018-2020 жылдарға жоспарланып, алдын ала құқықтық нормативтік жаңартулар мен латын графикасына өтудің ІТ-бағдарламалары жасалады.

- Латынға көшудің екінші сатысы 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Оған дейін арнайы семинарлар мен дайындық курстары жүргізіліп, бұл жұмыстарға ғалым-филологтар тартылатын болады,-деді ол.

Ал үшінші сатысы 2024-2025 жылдарға белгіленіп, мемлекеттік органдарды және білім беру орталықтары мен БАҚ құралдарын латын қарпіне көшіру аяқталуы керек.


Баға беріңіз