Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіліміздегі "назар" және "амал" деген сөздерімізден бас тартамыз ба?

12.2.2018 663

Естеріңізде болса, өткенде сіздер мен біздер бір-екі термин жөнінде ой бөліскен едік. Сөз "теория" мен "практика" деген сөздердің ана тіліміздегі баламасы туралы болған.

Жақында менің қолыма әл-Фарабитанушы ғалым Жақыпбек Алтаев ағамыз Әбу Насыр әл-Фарабидың "Музыка туралы үлкен кітап" деген еңбегінің қазақша аудармасын ұстатты.

Әл-Фараби бабамызды оқып отырсам, біздің ана тілімізде күнделікті қолданылып жүрген "назар" және амал" деген сөздер терминдердің түбірі санатында қолданылыпты. Ол кісі біз еуропаша айтудан жалықпайтын "теория" деген сөзді "назария", ал "практика" деген сөзді "амалия" деп қолданады. Біз қайтеміз? Тілімізге ғасырлар бойы сіңісті болып кеткен "назар" және "амал" деген сөздерімізден бас тартамыз ба? Әлде "әлемнің екінші ұстазы" атанған ұлы бабамызға жүгінеміз бе?


Тегтер: теория, практика, Әбу-Насыр әл-Фараби, термин

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

194 0

ақпарат

Қазақ тілін тегін үйретеді

119 0

ақпарат

Ғылыми жоба. Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі перзенттік сүйіспеншілік

98 0

ақпарат

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін әдіс - тәсілдер