Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Берік Әбдіғали: Алаш әскері сарбаздарының ұрпақтарын іздейтін боламыз

7.2.2018 301
Белгілі тарихшы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Алаш әскері: тарихтан тағылым» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің өтуіне Түркі Академиясы Халықаралық ұйымы мұрындық болып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алаш әскері қазақ халқының жадында ұшан-теңіз еңбегімен қалды. 1917 жылы қазақ жерінің барлық аймақтарында Қазақ комитеттері құрылып жатты. Кейін оның барлығы да Алаш комитетіне айналды. Соның бәрі әлі де мол зерттеуді талап етіп жатыр. Зерттелмей жатқан тақырыптың бірі - Алаш әскері еді. Біздің ғалымдарымыз бен тарихшыларымыздың жекелеген еңбегі болмаса, толыққанды Алаш әскерінің саны қанша болды, кімдер оны басқарды, мақсаты мен құрылым қандай болды деген сұрақтар мені бұрыннан-ақ мазалап жүр еді. Сондықтан, Ресей мен біздің елдегі архивтерден біраз құжаттарды жинадық», - дейді Берік Әбдіғали.

Оның айтуынша, толағай еңбектің нәтижесінде құжаттар жиынтығы мен автордың талдауы Түркі Академиясының қолдауымен кітап болып басылып шыққан.

«Бұл тек бастама ғана. Мені бұрыннан-ақ «Неліктен осы уақытқа дейін тарихшылар Алаш әскерінің тарихын зерттемеді?» деген сұрақтың жауабы мазалап жүретін. Бұрыннан бергі зерттеу материалдарының шет-шетін көргенімізбен, бұрынғы құжаттардың жоқтығынан біз Алаш әскері туралы толыққанды білмедік. Ресейде тарихи-әскери құжаттарының жиынтығын ұсынатын - «Белый фонд» деген архив бар. Сол жерде Азамат соғысынан бері көптеген тарихи құжаттар сақталып қалған. Біздің Алматы, Семей архивтерінде, Томск, Омбы архивтерінде кездеседі. Соның барлығын да жинадық. Енді ең бастысы осыны ары қарай зерттесе екен деп тілейміз», - дейді ол.

Берік Әбдіғали кітапта Алаш сарбаздарының тізімі жарияланғанын тілге тиек етті.

«Тізім Жетісу өңірінде сақталған. Сол Алаш сарбаздарының ұрпақтарын іздесек дейміз. Ата-бабалары Алаштың айбынды сарбазы болса да, ұрпағы аталарының кім болғанын біле бермеуі мүмкін. Кеңестік дәуірде Алаш туралы ауыз ашуға тыйым салынғанын білесіздер. Мысалы, Талдықорғанға жақын Ақсу ауданында бір жүздік тізімімен тұр. Үржар, Аягөз, Үшарал, Мақаншыдан сол тұста жиналған Алаштың 200 сарбазының 700-ін таптық. Соның ұрпақтарын іздесек, шежірелерден табармыз. Естеліктер жинау керек. Осы тақырыпты кеңінен ашу үшін жазда арнайы экспедиция жасаймыз деп отырмыз», - дейді Берік Әбдіғали.

Жиын соңында Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Берік Әбдіғалиға ұйымның алғыс хатын табыс етті. Еске сала кетсек, бұған дейін Берік Әбдіғалидің "Алаш әскері" атты туындысы жарыққа шыққан болатын.

Тегтер: Алаш, Алаш арыстары, Алаш әскері, Түркі Академиясы
Авторы: inform.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

43 0

ақпарат

​Латын қарпіне өтудің төте жолы талқыланды

35 0

ақпарат

​Қ.Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесін одан әрі арттыру өзекті мәселе

34 0

ақпарат

​Қостанайда латын әліпбиіне көшу туралы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті