Жаңа қазақ әліпбиі апробациядан өткізілді

Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында "Жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі: латын әліпбиіне көшу" тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 ақпан, 2018

Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті әзірлеген латын әліпбиіне байланысты апробация жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар-тренингте Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Лиза Есбосынова қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Лицей мұғалімдері мен оқушыларына мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі негізінде көру диктантын алып, сауалнама жүргізді. Семинар-тренинг соңында қатысушылардың латын әліпбиіне байланысты толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


Баға беріңіз