Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Француздар орыс тілін үйрену үшін Қазақстанға келіп жатыр

26.1.2018 459

«Время» газетінің қуана хабарлауына қарағанда сонау Франция елінің Сен-Сир-л Эколь деп талатын әскери лицейінің оқушылары мектептер алмасуы атты бағдарламасының шеңберінде Алматының оқу орындарына арнайы ат басын бұрыпты. Сондағы мақсаты не дейсіздер ғой? Бұл ешбір егемен елдің тарихында болмайтын сорақы жағдай десем, саяси қателесе қоймаспын.

Француз оқушылары мұнда орыс тілі мен тарихын үйренуге ниет етіпті. Конституцияда жазылған мемлекеттік тілді емес, ресми ғана атағы бар тілге құмартыпты. Бұл сірә олардың біздің елде қай тілдің үстем екендігін анық білгендігін көресетеді. Сондықтан да шығар, бұлардың өзіміз мемлекеттік мәртебе бердік деген тілімізге мұрын шүйіре қарағандығы. Жарайды, өзге елдің қонақтарына не кінә? Бұларды осында келіп, көрші еліміздің тілі мен тарихын құмарта оқуына кім жол берген? Қай министрлік Конституциямызды аяққа басып отыр? Арнайы шақырған қай шенеунік басқарған мекеме? Осыған жауап беретін органдар бар ма?

Әлде еліміз ашық-шашық жатқан, кім болса сол, кез-келген күмәнді мақсатпен кіре беретін орысша айтқанда «проходной двор ма?» Ау, орыс тілі мен тарихын білгісі келсе соның тарихи отаны Ресейге неге бармайды? Мәселен, айталық, сол француздар көршісі итальяндарға барып «сіздерге келіп, итальян тілін емес, ағылшынша үйренейік деп едік» десе не дер еді? Есіктен де сығалатпас еді.

Ал, біз болсақ? «Қор болған қайран қазақ тілі-ай» деп, іштей тынғаннан басқа не дейік. Айтпақшы, әлгі газеттің осы мақаласының «Милости просим» деген тақырыбының өзі көп нәрседен хабардар етіп тұрса керек. Жалпы, біздің сол газеттің тілшілеріне жалпы елімізге абырой әпермейтін, қайта беделін түсіретін мәселеге көңіл аударғандығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.


Тегтер: француз, орыс тілі, Алматы, қазақ тілі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

20 0

ақпарат

«Қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру» мәселесі бойынша атқарар жұмыстар баршылық, атқарылғаны қаншама

18 0

ақпарат

ЕЛІ СЕНГЕН ЕЛБАСЫ

19 0

ақпарат

Мемлекеттік сала мамандары бақтарын сынады...