«Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді

Ағымдағы жылдың 19 қаңтар күні сағат 16:00-де ​​Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясының және мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындаған кітапта...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 қаңтар, 2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Басқосу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдауының рухани өмірдегі маңызы кеңінен талқыланады. Қазақ тілінің жаңа жаһандық кезеңдегі даму бағыты, латын әліпбиіне көшудің маңызы қарастырылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында дайындалған энциклопедия, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық кітаптардың тұсаукесері өткізіледі.

Оқырманға:

1. «Ахмет Байтұрсынұлы» энциклопедиясы

2. Абай (қазақ тілінде)

3. Абылай хан (қазақ тілінде)

4. Кенесары Қасымов (қазақ тілінде)

5. Керей мен Жәнібек хандар (қазақ тілінде)

6. Бату хан (қазақ тілінде)

7. Әлемнің қасиетті жерлері

8. Мемлекеттер

9. Т.Шонанов 4-ші том шығармалар жинағы

10. Т.Шонанов 5-ші том шығармалар жинағы

11. Ә.Жүнісбек "Төл әліпби – төл жазу мәселелері (töl әlipbiy – töl jazuw mәseleleri)"

12. Аударған Н.Қами Ш.Айтматов. "Тау құлаған роман"

13. Ш.Құрманбайұлы "Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы"

14. Қ.Сартқожа «Тас кітаптың құпиясы»

15. Ә.Бәкір «Тіл тұғыры»

16. Г.Мамырбекова "Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі"

17. Т.Жанұзақов, Қ.Қ.Рысберген, Н.Б.Оңғарбаева, Н.Т.Бармешова, А.Д.Серікбаева (Қазақстан Республикасы. Әкімшілік-аумақтық бірліктер атаулары. Анықтамалық"

18. М.Қашқари «Түрік сөздігі» 1том

19. М.Қашқари «Түрік сөздігі» 2том

20. М.Қашқари «Түрік сөздігі» 3том

21. И.З.Шайдаров, М.Ахметов "Латынша медициналық терминдердің түсіндірме сөздігі"

22. Д.Мәсімханұлы, Айнұр Әбиденқызы «Қытайша-қазақша үлкен сөздік»

23. «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені 1200 сөз.Оқу құралы + мультимедиалық бағдарламасы СД (диск)

24. «Қазақ сөзі» қазақ тілінің белсенді лексика-грамматикалық минимумының әдістемелік кешені 1500 сөз.Оқу құралы + мультимедиалық бағдарламасы СД (диск)

25. "Ана тілі (Украин) Оқу құралы"

26. "Балаларға базарлық (халық ауыз әдебиеті жанрларынан құралған 17(он жеті) тілдегі тақырыптық жинақ)"

27. «Сөз сыны» тіл туралы қанатты сөздер

28. "Қазақстанның 70 тарихи орны (Суретті энциклопедия)"

29. «Алаш қозғалысы» Алаш қозғалысына,партиясына,Алашордаға арналған өлеңдер.

30. «Алаш қозғалысы» Балаларға арналған анықтамалық

31. ҚР Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ «Қазақ тілі» оқулықтарының (В1-орта деңгей+диск) екінші басылымын әзірлеу

32. ҚР Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ «Қазақ тілі» оқулықтарының (В2-ортадан жоғары деңгей+диск) екінші басылымын әзірлеу

33. ҚР Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ Қазақ тілін меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумының (А1-қарапайым деңгей) екінші басылымын әзірлеу

34. ҚР Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ Қазақ тілін меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумының (А2-базалық деңгей) екінші басылымын әзірлеу

35. «Қазақ тілі Тілдарын» С2 оқу-әдістемелік кешені

36. «Қазақ тілі Тілдарын» С2 жұмыс дәптері

Ісшараға ҚР Парламентінің депутаттары, кітап авторлары, ғалымдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-93, 8701 675 2630.


Баға беріңіз