Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Айдос Сарым: "Шенділер президентті шын аяса, шын құрметтесе, бұлай етпес еді"

15.1.2018 758

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым "Абай.кз" ақпараттық порталына берген сұхбатында маңызды нысандар мен көше аутауларының ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталуына қатысты өз ойын білдірді. Саясаткер сынында салмақ барын ескере отырып, оқырманмен бөлісуді жөн санадық.


"Әрбір жекелеген шенеуніктің президент алдында неге есеп жинағысы келетінін жақсы түсінеміз. Бүгінгі билік үшін іскер министр мен әкімнен бұрын, оған итше адал, айтқанын екі етпейтін министр мен әкім артық. Сөзсіз адалдық, президентті көзсіз-ойсыз «сүю», «құрметтеу» – билікте отырудың алғы шартына айналып кетті. Осы себепті де президент әкімдердің, министрлердің жағымпаздық жарысын тоқтата алмайды. Бұл да бір күшті есірткі. Барған сайын ет үйреніп, дозасын арттыра беретін есірткі. Өз басым кезінде Түрікменбашыға күле қарайтын едім. Қазір мүлдем күлмейтін болдым. Басымызға келді!

«Тарихта қалу» дегенге келсек, шынайы жағдай былай: егер бірдеңені ұмыттырғың келсе, соған ескерткіш қой деген қағида бар. Ескерткіш дегеніміз – тарихтың, тарихи үдерістің аяқталғаны деген ұғым. Болды – енді бұны толықтыратын, кемелдендіретін ештеңе қалмады, тың үдеріс жоқ, басқа ештеңе болмайды дегенді білдірсе керек. Кемелдену – аяқталу деген сөз шындап келсе. Қалыптасқан саяси ритуалға сай, шенеуніктер президентті аспандатып мақтайды, жағымпазданады, Мұхтар Шаханов ағамыз айтпақшы, жарыса «туфли жалайды». Алайда осынысымен-ақ президентпен қош айтысып жатқандай жанталас болып жатыр. Әрбір Назарбаев атындағы көше, мектеп, әуежай, кешен, пантеон – айналып келгенде, тарихи үдерісті тездетіп, қоштасу сәтін символикалық тұрғыда болса да жақындатып жатыр. Белгілі бір ырғақпен жүріп жатқан киноны «жылдамдату» деген шүріппеге басқанда, кадрлар бірінен соң бірі зымырап, ауысып жатады. Бүгінгі жағдай да солай. Қоштасқым келмейді, қимаймын деп жылап-еңіреп, тезірек қоштасайықшы, ертең қош айтыса алмай қалмайын деп жатқандай тура. Егер шенділер президентті шын аяса, шын құрметтесе, бұлай етпес еді деп санаймын",- дейді Айдос Сарым.

Тегтер: Нұрсұлтан назербаев, президент, аэропорт, көше

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

194 0

ақпарат

Қазақ тілін тегін үйретеді

119 0

ақпарат

Ғылыми жоба. Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңіндегі перзенттік сүйіспеншілік

98 0

ақпарат

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін әдіс - тәсілдер