Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Нұрлан Нығматулин: Елбасы Жолдауы – жаңа тарихи дәуірдің бастауы

11.1.2018 56
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақ­станның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді.

Соның нәтижесінде егемен еліміз әрқашанда жаңа биіктерді ба­­ғын­дырып, бүгінгі күні «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын қа­был­даған, ең дамы­ған 30 елдің қатарына жету мақсатын көздеген айбынды мемлекетке айналды.

Енді осы ұлы мақсаттарға жетудің жаңа тарихи дәуірі басталды.

Елбасымыз халыққа «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жария­лап, өнеркәсіптік революция әлеміне бейім­делудің және табысқа жетудің 10 міндетін атап көрсетті.

Оның ішінде ең алдымен индус­трия­ландыруға, әсіресе кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға, кешен­ді ақпараттық-технологиялық платфор­маларды белсенді түрде енгі­зуге, «Ақылды технологиялар» арқылы аг­­рар­лық ғылымды дамытуға, көлік-логис­тика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуге, қаржы секторын қайта жаңғыртуға айрықша назар аударылып отыр.

Сондай-ақ Елбасының биылғы Жолдауында әр жылда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді. Онда жастарды жаңа техно­ло­гиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсет­кіштері айқын­далды. Осы ретте Елбасы білім бе­ру мекемелері ара­сында бәсе­келес­тікті арттырып, жеке капи­талды тарту үшін қала мектеп­терінде жан басына қа­тыс­­ты қаржыландыру жүйесі енгі­зі­­летінін ерекше атап өтіп, аза­мат­тарды әлеуметтік қар­жылай қол­даудың басым бағыт­тарына тоқталды.

Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып қазақ тілінің өр­кен­деуіне, рухани жаңғыруға, халықтың ден­сау­лығын нығайтуға баса назар аударғаны – Пре­зи­дентіміздің халқының бар қадір-қасие­тін бо­йына жинаған ұлттық рухын көрсетті.

Сонымен бірге алдағыны болжап, ертеңгісін де оза ойлайтын, барша қа­зақ­стандықтарды, бүкіл мемлекетті әлем­дік өркениетке жетелейтін, көреген көш­басшы, саяси қайраткер, тарихи тұлға екен­дігін тағы бір дәлелдеді.

Сондықтан Елбасының биылғы Жол­дауы – заманға сай тарихи өр­леу дәуіріне бас­тайтын, барша қазақстандықтарды ор­тақ мақсат жолында жұмылдыратын, әр­бір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қада­мы­мызды айқындайтын өте маңызды құжат. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, соның ішінде біздің Парламент депутаттарына зор жауапкершілік жүктейді. Оны абыроймен атқару баршамыздың абыройлы міндетіміз.

Тегтер: Нұрлан Нығматулин, Жолдау, Жолдауға қолдау
Авторы: Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Парламент Мәжілісінің Төрағасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

34 0

ақпарат

Халықаралық терминдерді аудару мәселесіндегі түйіткілдер

41 0

ақпарат

​Тіл мәселесі оң шешімін таппақ

134 0

ақпарат

Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиясы мен қырыққа жуық кітаптың тұсаукесері өтті