Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Таста қалған тағлым" кітабы жарық көрді

9.1.2018 415

Тұсаукесер. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша филология ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты Қаржаубай Сартқожаұлының «Таста қалған тағлым» атты кітабы жарық көрді.

Еңбекте профессор, доктор Қаржаубай Сартқожаұлының көшпелілер мә­дени құндылықтарына соңғы жылдары жасалған ғылыми мақалалары жи­нақталған. Оның ішінде: көшпелілер тарихы, дүниетанымы, идеологиялық құндылықтары, ру-тайпалық жүйе зерттелуімен қатар, тас бетіндегі ежелгі хунну жазулары және археологиялық қазба мұралардан табылған көне түркі мәтіндері.

Кітап кіріспеден басталып, автордыңың өмірбаянымен жалғасады. Негізгі бөлім материалдары «Байырғы түрік құндылықтары» және «Байырғы түрік мәдениетінен» атты екі тармаққа жинақталған.

Еңбек археолог, түркітанушы, тарихшы, әдебиетші, этнографтармен қатар жалпы көшпелілер тарихын қызықтаушы оқырмандарға арналған.

Кітаптың пішімі 70х100 1/16., көлемі 30,8 шартты баспа табақ, таралымы 2000 дана.

«Таста қалған тағлым» кітабын Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының сөресінен және «Тіл әлемі» порталының «Кітапкәде» айдарынан таба аласыздар.

Тегтер: Таста қалған тағылым, Қаржаубай Сартқожаұлы, кітап, тарих
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

26 0

ақпарат

Батырлар есімімен аталатын жер-су аттары

84 0

ақпарат

Орыс тілі ықпалымен бұрмаланған жер-су аттары қашан қазақшаланады?

95 0

ақпарат

​Қазақ әдебиеті әлем тілдеріне аударылады