Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

7.1.2018 474
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Рождество мейрамын қазіргі заманның дәнекеріне айналған мереке екендігін атап өтті. «Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын мереке гуманизмнің, рақымдылықтың, мейірімділіктің, жақынына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мызғымас дәстүрі ретінде қазіргі заманның дәнекеріне айналды», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы православ христиандары елімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуына зор үлес қосып келе жатқанына тоқтала кетті. «Азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ықыласпен қарау мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаларының бірі болып табылады. Соның арқасында біз елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық, экономика мен қоғамдық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Осындай айтулы күні Отанымыздың игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз бен игі істеріңіз, ізгі ниеттеріңіз бен жарқын ойларыңыз үшін ризашылығым мен алғысымды білдіремін», - деді Н.Назарбаев. Президент мерекеде әр үйге, әрбір қазақстандыққа амандық пен молшылық, сүйіспеншілік пен береке, бейбітшілік пен бақыт тіледі.

Тегтер: Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Назарбаев, Рождество, мереке
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

26 0

ақпарат

Батырлар есімімен аталатын жер-су аттары

84 0

ақпарат

Орыс тілі ықпалымен бұрмаланған жер-су аттары қашан қазақшаланады?

95 0

ақпарат

​Қазақ әдебиеті әлем тілдеріне аударылады