Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Назарбаев: Мемлекеттік қызметте еңбек ету үшін мемлекеттік тілді білуге тура келеді

26.12.2017 803
Қазақстан Президенті қазақ тілі көп ұлтты мемлекеттің халқын қалай жақындастыра түсетінін айтты.

«Мен 17 жасымда қазақ мектебін бітіріп, Украинаға жол тартып, одан кейін өздеріңіз білетіндей Теміртаудың металлургиялық комбинатына келдім. Орыс тілді ортада 20 жылдан астам уақыт жүргеннен кейін тілді (қазақ тілін — авт.) таза ұмытып қалдым. Сексенінші жылдардың соңында Қарағанды облысынан Алматыға Орталық комитеттің хатшысы болып келдім. Міне, осы кезде қазақ тілінде сөйлеуім керек болды. Осы кезде маған қазақ тілінде шығатын «Социалистік Қазақстан» газетін оқи бер деп кеңес берді. Оңай болған жоқ. Оқып, оқып ақыры тілдік қорымды ұлғайтып алдым. Бәрі де адам өзін-өзі қалай жігерлендіреді — соған байланысты», — дейді отандық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметте жұмыс атқару үшін мемлекеттік тілді білу міндетті екенін атап өтті. «Бірақ, мемлекеттік қызметтен бөлек, басқа да жұмыстар жетерлік. Ал мемлекеттік қызметке ұмтылған адам тілді меңгеру керек. Қазақстандағы барлық этникалық топтардың қазақ тілін білуі — халықты ұйыстыра түседі. Лондонға немесе Вашингтонға барып, ағылшын тілінде сөйлесең — сен жұртпен тез тіл табысасың. Ал Мәскеуде орыс тілін меңгермей тұрып, қалай жұмыс істейсің? Мүмкін емес. Немесе Германияға барып, неміс тілін білмей жұмыс істеу мүмкін емес қой?.. Тіл бәрімізді жақындастырады», — дейді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде латын әліпбиін енгізудің түпкі мақсаты туралы сөз қозғады.

«Бүкіл Америка Құрама Штаттары — мигранттар елі. Бүкіл мемлекеттен келген адамдарды ол мемлекетте ағылшын тілі бір ұлт ретінде жақындастырады. Сондықтан, тілді сондай рөлге жеткізгім келеді. Бұл жеке бастың мақсаты емес. Мақсат — біздің көпұлтты мемлекетіміздің халқын бірегейлігін қалыптастыру», — деп түйді Қазақстан Президенті.

Тегтер: Елбасы, мемлекеттік тіл, БАҚ өкілдері, журналист
Авторы: ҚазАқпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

61 0

ақпарат

Тәржіма һәм тағылым туралы

75 0

ақпарат

​Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды

97 0

ақпарат

Тіл жанашырлары Осакаровкада