Мемлекет басшысы мемлекеттік наградаларды табыстады

​Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қо...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 желтоқсан, 2017

Олардың қатарында өндіріс, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының көрнекті өкілдері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы А.С.Есімовке, Атырау облысының «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері Р.Т.Қуатовқа және Алматы облысының «Жақсылық» ШҚ басшысы Ж.Үшкемпіровке берілді.

«Отан» орденімен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов, Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, Ақтөбе облысының «Степное» ЖШС директоры А.С.Төлеуов, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – «Бөбек» балалар қорының президенті С.А.Назарбаева, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – «Қазақстан қаржыгерлер ұйымы» ЗТБ Кеңесінің мүшесі-құрметті төрағасы С.А.Аханов, «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ бас директорының Қазақстан Республикасы Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қ.М.Қабылдин, «Қазақстан-Америка еркін университеті» ЖШС президенті Е.Ә.Мәмбетқазиев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н.М.Оразалин, жазушы Ә.Т.Сарай және басқалар марапатталды.

«Парасат» орденімен марапат­талғандар қатарында Ақпарат және ком­муникациялар министрі Д.Ә.Абаев, «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі Т.М.Аралбай, ақын К.Ахметова, «Ғ.Мү­сірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі Р.Әшірбекова, «Қазфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы М.Ш.Есенов, «Экономикалық зерттеу­лер институты» АҚ ғылыми жетек­шісі А.Есентүгелов, кинорежиссер А.В.Каменский, Қарағанды облысы­ның «Жараспай» ЖШС директоры С.О.Қоңырбаев, бұрынғы Бас прокурор Ж.Қ.Асанов, Әділет министрі М.Б.Бекетаев, Инвестициялар және даму министрі Ж.М.Қасымбек, Ал­ма­ты облысының «ZHERSU» ИӨК бақылау кеңесінің төрағасы Б.К.Ос­панов, жазушы Е.Ә.Раушанов, «Бе­рел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ғылыми қыз­мет­кері З.Самашев, Ұлттық ғылым академиясының академигі Л.Тәші­мов, әнші С.Тыныштығұлова, «Ба­тыс Қазақстан облыстық тарихи-өлке­тану музейі» МКҚК филиалы Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі­нің меңгерушісі К.Т.Өтеғұлов, «Кос­танайские новости» өңірлік газе­тінің бас редакторы-директоры С.В.Харченко бар.

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне «Ор­талық Азия университеті» меке­ме­сінің президенті Ж.Әлиев, «Жібек жолы» Баспа үйінің директо­ры Б.М.Қанапиянов, Шымкент қа­ла­сының «Отырар TV» телекомпания­сы­ның «Собкор» ЖШС директоры В.К.Куликова, Ақтөбе қаласының «POKOC» компаниялар тобының бас директоры А.Ю.Ни және басқалар ие болды.

Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік және әлеуметтік сала өкілдерінің еңбегі «Құрмет» орденімен атап өтілді, олардың арасында «Қазақконцерт» мем­лекеттік ұйымы» РМҚК шебері Қ.З.Әбішев, ақын С.Адаев, «А.Се­лезнев атындағы Алматы хорео­графиялық училищесі» РМҚК оқы­тушысы А.А.Ақбарова, Алматы қаласының «ЭЛЕКТРОКАБЕЛЬ» зауыты» ЖШС бас директоры Б.В.Артеменко, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ жетекші опера солисі С.Ә.Байғожин, Ақмола облысының «Поиск» агрофирмасы» ЖШС бас директоры А.Я.Гусев, «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК бас дирижері Б.К.Демеуов, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Нежинка-Ерке» ЖШС бас директоры М.Қ.Жұмабеков, Шығыс Қазақстан облысының «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей магистралдық желі бөлімшесі» филиалының жол бригадирі Б.Т.Жолдоболинов, «Маңғыстау облыстық ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі Т.Е.Мұқантаев, «Ұлттық штаттық ко­ман­далар және спорт резерві дирек­циясы» РМҚК спортшы-нұсқау­шысы А.С.Нұғымаров, Алматы қала­сындағы Республикалық маман­дан­дырылған физика-математика мек­теп-интернатының директоры Г.Қ.Сабурова, Білім және ғылым ми­нистрі Е.К.Сағадиев, продюсер Б.Е.Серкебаев, Павлодар қаласын­дағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ цех бастығы Б.Ш.Смай­лов, Астана қаласындағы «Отбасым» ҚБ кеңесінің төрайымы Ш.В.Сыз­ды­кова, «Абай атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК бас хормейс­тері Ә.Ж.Темірбекова, «Т.Жүрге­нов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры Л.Қ.Төлешова, Қызылорда облысындағы «Сыр Мар­жаны» ЖШС директоры М.С.Өтеев, ақын Т.Л.Фроловская бар.

Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 71 жұмысшысы мен еңбеккері «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 58 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 327 адам наградталды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Наградталғандардың тізімі жер­гі­лікті баспасөзде жарияланады.


Баға беріңіз