Павлодарда "Парасатты кәсіпкер" байқауы өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

22 қараша, 2017

Павлодар қаласындағы Достық үйінде қазақ тілі білгірлерінің «Парасатты кәсіпкер» конкурсы өткізілді. Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мақсатында кәсіпкерлер арасында мемлекеттік тілге арналған конкурс ұйымдастырды.

Байқауға Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларының кәсіпкерлерінен құралған 5 команда қатысты. Олар үш кезең шартына сай біліктіліктерін көрсетті. Бірінші кезеңде командалар өздерін таныстырып, үй тапсырмасын орындаса, екінші кезеңде түрлі қызмет көрсету салаларында кездесетін ситуациялық тапсырмаларды орындады. Қорытынды кезеңде термин сөздерді аударып, оқиға желісі бойынша мәтін құрастырды.

Барлық қатысушылар мемлекеттік тілдегі білімдерін ортаға салып, жаңа термин сөздерді сауатты пайдаланып, ситуациялық тапсырмаларды шеберлікпен орындады.

Конкурс қорытындысы бойынша қазылар шешімімен І орынға «Ұлттық мұра» командасы (Павлодар қаласы), екінші орынға «Белсенді көмір» командасы (Екібастұз қаласы) және үшінші орынға «Самға» командасы (Ақсу қаласы) лайықты деп танылды.

Конкурс қатысушыларын құттықтаған облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С. Османова атылмыш шара алдағы уақытты да ұйымдастырылатындығын айтып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Облыс тұрғындарына қазақ тілінді қызмет көрсететін кәсіпкерлер көбейсе, мемлекеттік тілдің қолданылым аясы да едәуір ұлғайатындығын қаперге салды.


Баға беріңіз