Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мемлекеттік тілді оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдер

22.11.2017 1272
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Сондықтан оқытушы тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтар мен үндеулерден бас тартып, артық ғибратты сарынды тежеп, оның есесіне 1-орынға қарым-қатынас жасау, 2-орынға сұхбаттық әдістер, 3-орынға шындықты бірлесіп іздеу және тағы басқа сан алуан шығармашылық әрекеттерді жасау арқылы дамыта алады.

«Интерактив» сөзі – өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлдекіммен не болмаса әлденемен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасуда болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен тіл үйренушінің өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Интерактивті оқытудың ерекшеліктері неден тұрады:

- білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;

- күрделі тапсырмаларды бірігіп жасау, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;

- тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;

-жағымды эмоциялық жағдайларда тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыру.

ИНТЕРАКТИВТІ оқытудың түрлері:

1. Ми шабуылы

2. Шағын әдістер

3. Шағын топтардағы жұмыстар

4. Рөлдік ойын

5. Жобаны әзірлеу

6. Бейнефильмдер көру мен талқылау

7. Кері байланыс

«Ми шабуылының» алгоритімі

1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырыпты сұрақ арқылы беру.

2. Осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.

3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).

4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек. Негізгі керекті ойды түйіндеу.

5. Қатысушылардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып, жұмысты аяқтау қажет. Бізге пікірдің қорытындысы не беретінін анықтау.

«Ми шабуылы» нені қарастырады:

- даулы мәселелерді талқылау;

- талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;

- қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;

- дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анықтау.

«Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (орташа 4-5минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет.

Шағын дәрістер

Шағын дәрістер теориялық материалды ұсынудың тиімді материалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында алдыңғы тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.

Материал қатысушылар үшін түсінікті тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек.

Дәріс аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық сұрақты талқылау керек, содан кейін, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізуге болады, сол туралы сұрау керек.

Шағын дәрістерді интерактивті режімде өткізу үшін қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында оқытушы қатысушылардан бұл туралы не білетінін сұрайды. Қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін оқытушы бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды. Мысалы:

- Ал сіз қалай ойлайсыз?
- Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз?
- Бұл неге алып келуі мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? және т.б.

Шағын топтардағы жұмыс

Мұнда жоба құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Бұл әдіс оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады. Алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетіледі.

Рөлдік ойын

Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді).

Оқытушы тіл үйренушілердің мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарын сезінеді және шешім қабылдайды.
Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.


Жобаны әзірлеу

Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жеке тұлға өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады. Мысалы: өзінің қаласындағы дүлей апаттың қаупін төмендету жөнінде жоба жасау. Қатысушылардың мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. мүмкіндіктері бар.Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.

Бейнефильмдерді көру және талқылау

Сабақтарда әр түрлі тақырыпта көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.Фильмді көрсетер алдында тыңдаушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікірсайыс өткізуге болады. Соңында тіл үйренушілермен бірігіп, міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.

Кері байланыс

Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.
Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды.
Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың жағымды сәттері немен тұжырымдалады?
Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы ұйымдастырумен айналысады, қажетті тапсырмаларды алдын ала дайындайды және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған тақырыптарды қалыптастырады, кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды.

Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер:
* тіл үйренушілердің қызығушылығын туғызады;
* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
* әрбір тіл үйренушілердің сезіміне назар аударады;
* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
* тіл үйренушілердің пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
* өмірлік машықтарды қалыптастырады;
* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Тегтер: интерактивті әдіс, методика, мемлекеттік тіл, әдіс-тәсіл

Сондай-ақ, оқи отырыңыз