Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы көптілділік моделі

«Бала өмірге келмей жатып ананың құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты.Кейбіреулер баланы өмірге келген күннен ба...

04 қыркүйек, 2017

Дүние есігін ашқан әрбір нәресте отбасында ата мен әженің, әке мен шешенің, бауырлардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Отбасында берілетін тәрбие әр отбасында түрліше, өздерінің қалыптасқан отбасылық құндылықтары арқылы, үлкендердің өмір жолдары арқылы тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін орындарда жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып, ел ертеңін тәрбиелеуге үлкен жауапкершілік танытылады. Ары қарай өмірдің өсу сатысында білім мен тәрбие ұйымдарында қалыптасқан бір ізділік жүйе арқылы өз көзқарастарын қалыптастырып, «Мен»-і танылып, жеке тұлға ретінде қоршаған ортада өз орындарын табады.Жалпы, балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмау керек. Бүлдіршін бақшаға-достарымды көремін, көптілді үйренемін, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналуы керек. Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де сәби жүректерін алып ұштырып тұратын деңгейге дейін жеткізетін ол әрине-балалардың бағбаны-тәрбиешілер болып саналады. Әрбір тәрбиешінің алға қойған негізгі мақсаты - баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы міне осында. Тәрбиешілер балабақшадағы әрбір балаға өзін-өзі тануға, қоғаммен бірге жан-жақты дамуға, ұлттық рухын оятып жігерлендіруге, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға, елдің жарқын болашақ бейнесіне айналатын білімді азамат болып өсуіне ықпал етеді. Тәрбиеші баланы балабақшаға қабылдаған күнінен бастап оған ойын арқылы тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдануға, әрі оны күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге машықтандыруға ерекше мән береді. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана- сезімін, ой-өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Тіл демекші, бүгінгі күнгі үштілділік тәрбие берудің мәселесі туындап отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпандағы «Жаңа əлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын мəдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлтаралық қатынас тiлi жəне ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» – деген болатын. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін алтын кілт – үш тілді оқыту. Үш тілді оқыту – бұл заман талабы. Үштілділік – бəсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі кезең тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең, өйткені осы жастағы балалардың зейін аударуы икемді, есте сақтауы мен логикалық ойлау қабілеті жоғары болады, сондықтан үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындады және тілдерді ары қарай үйренуде сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді.Үштілділік оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күні ең басты қажеттілік.

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» демекші, баланы қалай тәрбиелесең, балаға не үйретсең соны береді. Тәрбиешінің әрбір берген білімі, айтқан ақылы балаға тың дүние болып көрінеді. Қазіргі таңда балалар ересектерден гөрі техниканың тілін жетік меңгеріп, өзбеттерінше ғаламтор арқылы әлемдегі қызықты жаңалықтармен танысып, өзіне керек мультфильмдерін тауып қызықтап жатады. Олар шет тіліндегі мультфильмдердің сюжетіне қарап, ондағы айтылған ойды ұғып, тіпті әуенін ыңылдап бірге шырқап жүреді. Ал кейбір балалалар 1-ден 10-ға дейін үштілде санай аламын деп, енді бірі ағылшынша тақпақ білемін депайналасындағы адамдарға балабақшада үйренген білімдерін көрсетіп, мақтанып жатады. Бала көптілді меңгерген сайын, болашақта алар белестері биік болады.Өйткені балабақшадан алынған білім оның өмірінің жарқын болуына кепілдік беретін орда.


Баға беріңіз