Жаңғыру жазудан басталады

Өркениет көшіне ілескен Қазақстанымызда тіл сая­саты тәуелсіздік жылдарында өзектілігін жойған емес. Алды­мызда тарихи таңдау тұрды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 қараша, 2017

Тілдің дыбысталуы, оқылуы, таңбалануы деген секілді қағидаттарын ескеретін болсақ, дәл қазір тарих таразысында тұрған мәселе – тіліміздің таңбалануы. Әлеуметтік желілерде «әбігерге» түсіп жатқан қандастарымыздың кейбір теріс пікірлеріне жығыла бергенде, біз заманауи мүмкіндіктен бас тартқан болар едік.

Неге дейсіз ғой? Жауабын беруге тырысып көрейік. Латын гра­фикасы – ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың тілі. Эко­но­микалық үнқатысулар тілі. Инно­ва­циялық жаңалықтар тасқы­ны латын тілінде түйінделіп жат­қанын бағамдаған ұлт ұлы мүм­кіндіктен бас тартпауы керек деп ойлаймын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының түпкі мақсатын түсінген әрбір отандасымыз жаңғырудың жазудан басталатынын түйсінуі керек. Өйткені, біз өркениет көшіндегі озық отыздықтың ортасынан ойып орын алуымыз үшін ғалам тұтынған графиканың таңбалануын таңдап отырмыз.

Кез келген жаңа жобаны қабылдау барысында өмірі асы­ғыс шешім қабылдап көрмеген Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев осы жолы да тарихи таңдаудың соншалықты маңызды екенін түйсініп, елге түсіндіріп, мемлекетіміздің бола­шағына бейжай қарамайтын Көш­басшы екендігін дәлелдеді. Тұтас қоғам іштен тынып, алуан пікір туындап тұрған тұста елдің ертеңі үшін ең маңызды шешім қабылдап, Жарлыққа қол қойды.

Жалпы, латын графикасын қоғамдық жүйе жаппай қабылдауы керек. Орыс тілді аудиторияға (білім беру мекемелері, оқу орын­дары, мемлекеттік органдар т.б) да латын әліпбиінің тари­хи қажеттілігін тудырмайын­ша, мемлекеттік тілдің көсе­ге­сі көгермейді. Қазақстан Респуб­ликасының азаматы ретіндегі менің ұсынысым – осы.

Иә, Елбасы Жарлығы тари­хи қадам болғанын, рухани кеңістігіміздің ұлы шексіздік екенін дәлелдегенін ескере отырып, қабылданған шешімге қолдау көрсетуге тиіспіз. «Көш жүре түзеледі» демекші, латын графикасына бізден бұрын көшкен елдердің тәжірибесін зерделеп, қателігін қайталамауымыз керек. Әлгіндей кемшін тұстар ортақ мүддеге ой қосып, ынтымақ танытқан жағдайда ғана оңалатын дүние екенін ескеруіміз шарт.

Қалай болған күнде де, қа­был­данған бұл нұсқа лингвист ға­лымдар мен сарапшылардың тал­қысынан өтті ғой. Қолайлылық пен мүмкіндіктің барлығы ес­керілді деген ойдамыз.


Баға беріңіз