​Қазақ тілі оқытушыларының назарына!

Tilalem.kz

Tilalem.kz

07 қараша, 2017

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы қазақ тілі оқытушыларына арналған «Мемлекеттік тілді үйретудегі тәжірибе және инновация» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курста қазіргі таңдағы қазақ тілін оқыту, әдістеме мәселелері талқыланады:

- Мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері;

- Сабақты ұйымдастыру және мемлекеттік стандарт, бағдарламалар бойынша талдау;

- Тіл үйрету тәжірибесі;

- Латын графикасындағы әліпбиге көшудің әдістемелік алғышарттары;

- Тіл үйретудегі сауаттылық және шеберлік мәселелері.

Курсты тәжірибелі сала мамандары жүргізеді.

Курс – ақылы.

Уақыты: 6-8 желтоқсан, 2017 жыл.

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7707 518 10 18, +7747 501 31 91

Email: dana.zhanabek@mail.ru

Курсқа қатысып, тіл үйретудің тиімді әрі жаңа әдістерін меңгеріңіз. Мамандармен тәжірибе алмасып, біліктілігіңізді арттырыңыз!


Баға беріңіз