Ұлттық терминқордың жүйеленуі қалай жүргізіліп жатыр?

Осы және де өзге сұрақтардың жауабын үстіміздегі жылдың 23 қарашасында «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері» тақырыбында өтетін республикалық конференция барыс...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

02 қараша, 2017

Конференцияны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.

Конференция жұмысы төмендегі бағыттарды қамтиды:

1.Терминтану: теория және тәжірибе.

2.Алаш зиялылары және қазіргі қазақ терминологиясы.

3.Терминология және аударма.

4.Терминқор қалыптастырудағы ұлт тілінің ішкі көздерін, термин жасау тәсілдерін пайдалану мен терминалмасым теңгерімі.

5.Ұлттық терминқордың электрондық базасын жасаудың ғылыми-тәжірибелік негіздері.

Аталған конференцияда қазақ терминологиясының өзекті мәселелерін талқылап, терминдерді біріздендірудегі халықаралық және отандық тәжірибелер зерделенеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, лингвист-ғалымдар, БАҚ өкілдері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың жетекші мамандары қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Достық 11, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының Конституция залы

Басталуы: сағат 10.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-03, 40-83-93; 8-701-798-01-63; 8-747-264-26-46; 8-701-319-88-87.

Факс: 8 (7172) 40-83-97.


Баға беріңіз