"Жайдарлы жас ұлан" байқауының жеңімпазы анықталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

20 қазан, 2017

Бүгін Астана қаласында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен мектеп оқушылары арасында “Жайдарлы жас ұлан” КТК республикалық конкурсы өтті. “Қазмедиа холда" өткен ойында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең талантты балалар өнер көрсетті.

Балалар сайысқа жоғарғы дәрежеде дайындалып келгендіктерін қызықты ойын арқылы көрсете алды. Олар көрерменге шынайы күлкі сыйлай білді. Сахнадан еш қаймықпай, өздерін еркін ұстаған бүлдіршіндер көрерменді күлкіге қарық етті. Өзіндік стилі бар әр топ ойыншылары тек әзіл көрсетіп қана қоймай, көңілді ән, шапшаң би билеп қазылар алқасының көңілінен шықты.

Нәтижесінде 1-орынды Маңғыстаудан келген “Тәп-тәттілер” командасы (Маңғыстау облысы, Қызан ауылы) иеленсе, 2-орынды “Жарқын Life” командасы (ШҚО, Жарқын ауылы) жеңіп алды. Үздіктер үштігін “Бір үйдің балалары” (Байқоңыр қаласы) түйіндеді. “Жайдарлы жас ұлан” ойынын байдың баласы Ұлан жүргізді.

Жастарының кішілігіне қарамастан, сахна жұлдыздары болған балалар кәсіби жайдарманшы екендіктерін көрсете алды. Болашағынан көп үміт күттіретін жас ұландарға сәтті қадам тілейміз!


Баға беріңіз