«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өтеді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 қазан, 2017

Тараз қаласында ағымдағы жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру және мемлекеттік органдарда тіл саясатының қолдау табуына ықпал ету.

Конкурсқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған командалар қатысады. Байқау ережесіне сай олар «Сәлемдесу», «Жер-судың аты – тарихтың хаты», «Қазақ сөзі», «Үй жұмысы» кезеңдері бойынша бақтарын сынайды.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталатын болады.

Өтетін орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Сүлейменов көшесі 7

Басталуы: сағат 14.30

Байланыс телефоны: 8(7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64


Баға беріңіз