Жыршы-термешілер байқауы өтеді

Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 қазан, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі - терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бір үміткерден қатысып, өз бақтарын сынайтын болады.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Өткізілетін орны: Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы, Ш.Ділдебаев атындағы «Кеншілер» сарайы.

Уақыты: 3.11.2017 ж., сағат 10.00


Баға беріңіз