Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

17 қазан, 2017

Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен апта басында жоғары оқу орындарының студент жастарымен «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» атты пікірсайыс өтті.

Латын негіздегі қазақ жазуы – бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, ком­муникацияның, сондай-ақ, жаһандану дәуіріндегі ғылы­м, білім тілі. Яғни, латын әліпбиіне көшу - заман талабы екенін терең түсіну, ол туралы жастардың ой-пікірін біліп, санасу шараның басты мақсаты болды.

Шараға жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Инновациялық Еуразия университетінің және Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің белсенді студенттері қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.

Шара барысында ұйымдастырушылар жастардың бастамалары мен идеяларына әр уақытта қолдау көрсетуге дайын екендерін атап өтті.


Баға беріңіз