Тіл тағдыры - ұлт тағдыры

Tilalem.kz

Tilalem.kz

16 қазан, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысында орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттауға арналған "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" атты көшпелі жиынын өткізеді.

Жиын барысында қазақ қарпін латын графикасына көшірудің маңыздылығы таразыланып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстардың нәтижесі сөз болады. Идеологиялық тұрғыда ескірген жер-су атауларын жаңарту жайы ортаға салынып, қазақ тілін ғылым тіліне бейімдеудегі бірқатар кедергілер қаузалады.

Түйіткілді мәселелерді Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов пен «Ақжолтай» газетінің құрылтайшысы, Семей аймақтық «Ақжол» партиясының төрағасы Рахат Омаровтардан құралған жұмыс тобы тарқататын болады. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, орыстілді азаматтар, жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері қатысады.

Шара үстіміздегі жылдың 16-20 қазан аралығында өтеді.


Баға беріңіз