Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ

13.10.2017 1026

Бекболат ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты

Ел назарына ұсынылған латын әліпбиінің соңғы нұсқа­сын Комиссияның соңғы шешi­мі деп ойламаймын.

Жалпы, ұсы­ныстар жақсарып келе жа­тыр. Кейiнгiсiнiң алдың­ғы ұсы­­н­ыстан әлдеқайда тиімді екен­­дiгiне дауа жоқ. Бiрақ апо­­с­трофтарды ерсiлi-қар­сы­­лы қолдана беру көңiлге қо­ным­сыз. Сосын, диграфты мүл­дем жоққа шығаруға да өз басым қарсымын. Мысалы S-тың қасына H-ты қойып, Ш-ны беруге болады. Белгiлi бiр мөлшерде диграфты да, апос­трофты да пайдалану керек. Бастан аяқ жiңiшкелiкке апос­трофты пайдалану жазыл­ған сөй­л­емнің көрінісіне әсем­дік бере алмайтын сыңайлы. Мыса­лы, «өңшең» немесе «иiлу» деп жазып көрсеңіз сөз­дің үсті дәйекшеге толып кете­ді. Сондықтан бұл мәсе­ленi тағы да қарау керек деп ой­лаймын. Негізінен, диграфтан толық бас тартудың қажетi жоқ. Әрине, А мен Е-нi қосып қойып, Ә әрпін беру ақылға қонымсыз. Бiрақ жөн-жосықсыз үстiне апостроф берудiң қажетi жоқ. Өте жиi пай­даланылатын әрiп­терге апостроф немесе басқа бел­гi­­лердi қоса беру адамдарды шатастырады деп санаймын.

Тегтер: Бекболат ТІЛЕУХАН, латын әліпбиі, диграф, дәйекші

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

100 0

ақпарат

Кекілбаевтану - әдебиеттану ғылымында негізгі пәндердің бірі болуы керек

89 0

ақпарат

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында

228 0

ақпарат

Үш тілді сәби кім болып шығады?