Тіл мәртебесі баршаға ортақ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемл...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

11 қазан, 2017

Шарада мақсаты-орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретінде, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елдімекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру сол турасында сөз қозғау, пікір алмасу болмақ.

Жобаға барлығы 500 адамды тарту жоспарлануда. Оның құрамына зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, орыстілді азаматтар, жұмысшы жастар, жоғарғы оқу орындарының, колледж студенттері енеді.

Бүгінгі күні жұмыс тобы Железин, Качир, Шарбақты және Успен аудандарында болып қайтты.

Жұмыс тобының құрамында Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Айдос Сарым, Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Османова Сәуле Қабдылжапарқызы, «Ертіс дидары» газетінің бас редакторы, тіл жанашыры Арман Қани бар.

Облыс бойынша қазақ халқының үлес салмағы 43 пайыз, орыстар 44,3 қалғаны өзге этнос өкілдеріне тиесілі. Өңірде 387 білім ордасы тіркелсе, соның 151 қазақ мектептері екен. Негізінен қазақ ұлтының балаларын орыс сыныбына беруі көптеп кездесуде. Бұл орайда ата-аналардың уәж етер басты көзірі Кеңес Одағы кезінде орыс сыныбында оқып, жоғары оқу орнын орыс тілінде тәмәмдауы. Сол себепті де отбасында, мектепте орыс тілінде қарым-қатынас жасағанды жөн санайды.

Біз үзіліс кезінде Ахметова Марен Магомедқызын сөзге тартқан едік: Менің ұлтым ингуш деп әңгімесін қазақ тілінде өрбітті. Бірақ қазақ халқына келінмін. Баларым айтады біз қазақпыз, ендеше мама сізде қазақсыз дейді. Қазақша жақсы білсем де орысша сөйлеп кететініміз рас. Әлде бой үйреніп кеткендікі ме екен, білмеймін. Мүмкін қоршаған ортамыз орыстілді болкғандықтан да шығар. Бірақ, мемлекеттік тілге деген құрметіміз ерекше. «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де қазақ тілінің мәртебесі асқақтамай тұрғаны жанымызға бататыны рас. Дегенмен де заңды тұрғыда түбегейлі өзгеріс, нақты нұсқау, қатаң бақылау орнатылғаны дұрыс-ау деп есептеймін» деген ойын ортаға салды.

Менің аты-жөнім Жанна Юрьевна Левкович, орыс сыныбында қазақ тілі пәнінен сабақ беремін деп өзін таныстырып өтті келесі әңгімелескен адамымыз. Өзі украин қызы екен. қазақшаға ағып тұр. «Мен осы жаққа 1998 жылы жас маман болып келдім. Содан бері қазақ тілінен дәріс беремін. Көбіне орыс мектебін бітіргендер он бір жыл оқыса да бір ауыз қазақша білмей шығады деген пікірді өз басым қолдамаймын. Менің шәкірттерімнің ұлты басқа болса да қазақ тілін үйренуге, оқуға деген құлшынысы өте жақсы. Жастарда талпыныс бар. Әрине бес саусақ бірдей емес. Әр өңірде жағдай, көрсеткіш әртүрлі шығар. Бәрі ұстазға байланысты. Мен өз шәкірттерімнің қазақ тілін меңгеруі жолында аянбай еңбек етудемін. Өйткені тіл мәртебесі баршаға ортақ» дейді Жанна Левкович.


Баға беріңіз