Ілеспе аудармашылардың біліктілігі арттырылады

Tilalem.kz

Tilalem.kz

03 қазан, 2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 16-20 қазан аралығында ілеспе аударма жасаудың шеберлік кластарын өткізеді.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған шеберлік класы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдер, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік класын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізеді. Шеберлік сабақтарына ғалым аудармашылар, сала мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің аудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393; 87016752660


Баға беріңіз