Латын әліпбиінің берері көп

Tilalem.kz

Tilalem.kz

03 қазан, 2017

«Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі әліпбиін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кирилл әліпбиіне ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиінен кирилл графикасы негізіндегі жаңа әліпбиіне көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша қазақ тілінің алфавитін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: ­рухани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаласында 2025 жылға дейін қазақ тілін толығымен латын әліпбиіне көшіру мәселесін қойды.

Қазіргі қазақ жазуында қолда­ны­лып жүрген әліпбиді латын әріп­­­терімен ауыстыру мәселе­сіне алаңдаушылық тудырып отыр­ғандар бар. Бірақ бұл болашаққа ба­тыл қадам жасап, елімізді төрт­күл дүниеге танытып келе жат­қан Елбасының тағы бір ма­ңызды бастамаларының бірегейі және дер кезінде қозғалған тіліміздің бо­ла­шағы үшін жасалған ғылыми ма­ңызды шара деп есептейміз. Тәуел­сіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Латын алфавитіне көшу, сайып кел­генде, ана тіліміздің болашағын ой­лап, қол­даныс аясын одан әрі кеңейте тү­суге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі та­биғи әліпбиіміз арқылы жазудың ай­туға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп тү­сіну керек. Латын әліпбиіне көшу – ­қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өр­кендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, же­місі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қо­сы­лып, тіліміздегі дыбыстық жү­йелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жа­зылуы мен дыбысталу кезінде сөз­дер қолданысындағы артық кірме сөз­дерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, бо­­лашақ еліміз үшін әлдеқайда ма­ңыз­дырақ.

Латын әліпбиіне көшу іс-шара­ла­рының барлығы бірауыздан бұл еліміздің жалпы дамуына қажетті қадам екендігін алға тартуда. Дүние жүзінде бүкіл ақпараттың 70 пайызынан астамы латын әліпбиінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латын алфавитіне көшудің пай­дасы өте көп. Сондай-ақ бұл өз­ге­ріс қазақ тілінің дамуына да өз үле­сін қосады деуге болады.

Бір алфавиттен екінші алфавит­ке­ көшу мәселесі ең алдымен бір­ ұлттың не­месе мемлекеттің сая­си-мәдени ба­ғытын көрсетеді. Бү­гінгі әлемде латын ал­фавиті ең көп қолданылатын алфавит ғана емес, сондай-ақ де­мо­кратияның, белсен­діліктің, да­мудың жазуы деп айтсақ болады.­ Сондықтан Қазақстанның латын­ алфавитына көшуі еліміздің болашағы қандай бағытта дамуын көр­сететін бір бел­­гісі деп қарасақ та болады. «Осындай маңызды саяси жә­не мә­­дени өзгерістерге біздің көз­қарасымыз, пікірлеріміз қандай болу керек» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Біріншіден, біз, сөзсіз, Елбасы­ның бұл саладағы реформасын қол­даймыз.

Екіншіден, біз өзіміздің ежел­гі дәуірлерден бастап жазу мәде­ние­тіне ие ұлттардың бірі екенімізді ұмы­тпауымыз керек. Қазақ ұлты да сан­ ғасырлар бойы алуан жазуды қол­данып келгені бәрімізге аян.

Үшіншіден, латын алфавиті кирилл алфавитінен ерекшеленетін, бөгде бір системадағы алфавит емес. Олардың келіп шығуы, яғни бұл алфавиттердегі әріптерде жалпы тү­рінде, жазылуында ортақтықтар бар.

Бүгінгі еліміздің саяси, эконо­микалық, ғылыми, халықаралық маңызы бар мәселелер тоғысында ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары көбейген тұста интернет желісін пайдаланушылардың латын тіліне қа­жеттілігі артпаса кемімейтіні анық. Екіншіден, бұл идея түркітіл­дес халықтарды біріктірудің бас­ты көзқарасы болып табылады.




Баға беріңіз